РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Беккалина) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә.Дауылбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарақия аудандық ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Беккалина Калбиби Беккалиқызы
09 желтоқсан 2014 жыл
Қарақия ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 330 қаулысымен бекітілген |
"Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық мекемелері:
1) Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Қарақия аудандық орталық кітапхана" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қарақия аудандық жастар саясаты орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық басқармасында есеп-шоттары бар.
5. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа енеді.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік болса, "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан сөз сөйлеуге құқығы бар.
7. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте өзінің құзыреттілігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтары және өзге де актілерімен рәсімделетін шешімдер шығарады.
8. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: индекс 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, 1 шағын аудан, 52 "А" ғимарат.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел внутренней политики, культуры и развития языков".
11. Қарақия ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
12. Осы Ереже "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржылық қызметі аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеті, құқығы, қызметі және негізгі тапсырмалары
15. Миссиясы: "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Қарақия ауданының аумағында Қазақстан Республикасының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында басқарушылық функцияларды жүзеге асыру "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.
Ұлтымыздың алдында тұрған стратегиялық міндеттері, азаматтардың әлеуметтік нық сенімін мемлекеттік күшейту және қалыптастырудың бірыңғай ұғымының негізінде аудан тұрғындарының бірігуіне бағытталған ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, мәдениет, тілдерді дамыту кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мониторингін жүргізу, үйлестіру мәселелерінде іс-шараларды аудандық деңгейде іске асыру "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
16. Міндеттері:
1) ауданда жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мемлекеттің ішкі саясатын орындау, іске асыру, қамтамасыз ету;
2) Қарақия ауданы аумағында ауданның үкіметтік емес діни, жастар бірлестігіне қатысты мемлекеттің жүйелі саясатын жүргізу, саяси партиялармен байланысын жүзеге асыру;
3) Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын негізгі басымдықтарын түсіндіріп, насихаттауға, қоғамды демократияландыру институттарының нығаюына қатысу;
4) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және ішкі саясат мәселелері жөніндегі заңнамаларын түсіндіру және насихаттау;
5) аудан деңгейінде саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, көпшілік өкілдерімен қарым-қатынаста болу;
6) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру;
7) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
8) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.
17. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;
2) аймақта болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан-жақты және нақты зерттеу, жинақтап қорыту және талдау;
3) мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша, оны өткізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;
4) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді реттеу және талдау, әлеуметтік шиеленісу ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;
5) ауданның жастар саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
6) Қарақия ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қарым-қатынасын реттеу саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
7) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
8) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
9) аудандағы отбасы-демографиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасында гендерлік және отбасы-демографиялық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
10) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
11) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
12) ауданның мемлекеттік мәдени ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
13) ауданның аумағында тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
14) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
15) мәдени-сауықтыру жұмыстары мен аудандық кітапханалар жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамыту;
16) мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылуын қамтамасыз ету және ауданда тіл саясатын жүргізу;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәсіпорындар мен азаматтардан талап етеді;
2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау;
4) мәдениет, тілдерді дамыту саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
5) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қарақия ауанының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) өзінің құзіретіндегі мәселелер бойынша "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан шығады;
4) құжат айналымын ұйымдастыруды, қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
5) "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.
"Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.23. Уәкілетті органға мәліметтерді ұсынумен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділік мониторингі мен жыл сайынғы есебі "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесімен өткізіледі.
24. Заңнамада көрсетілген жағдайларға байланысты "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығында оқшау мүлікке ие болады.
"Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және өзге де көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптастырылады.
25. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты
27. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.6. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
28. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.29. "Қарақия аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.