Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 332 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 желтоқсанда № 2547 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 319 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 03.09.2019 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б.Сарбалаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ж. Айтуаров


      КЕЛІСІЛДІ:

      Е.Х.Махмутов

      Л.Н.Жонасов

      І.А.Есіркепов

      Ә.Төлемісов

      Б.К.Әбуов

      "Маңғыстау аудандық ауыл

      шаруашылығы және ветеринария

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      10 қараша 2014ж.

      Р.Н.Шабикова

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      10 қараша 2014ж.

  Маңғыстау ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 10 қараша
№ 332 қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексiне, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Қараусыз қалған жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке түсуi

      3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншiкке түсуi тапсыру- қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру - қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, тиiстi ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының (бұдан әрi – әкiм), "Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi) және "Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – экономика және қаржы бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру - қабылдау актiсi экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысымен немесе оны алмастыратын өкiлеттi тұлғамен бекiтiледi.

      Тапсыру – қабылдау актiсiнде мiндеттi түрде аудандық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың жасы, тұқымы, түр - түсi, жынысы, күйi және саулығы көрсетiлуi тиiс.

3. Жануарларды уақытша күтiмге алу

      4. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарлар оларды уақытша күтiмге алу үшiн әкiм анықтаған жеке адамдарға не шаруа немесе фермер қожалықтарына немесе мемлекеттiк заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейiнгi мерзiмге келiсiм шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi.

      5. Әкiм жануарларды уақытша күтiмге алатын тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын - ала зерттеу жүргiзедi. Жануарларды уақытша күтiмге алушы тұлғаны анықтау кезiнде мiндеттi түрде күтiмге алатын тұлғаның жануарды бағып-күтетiн орын - жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманының, тәжiрибесiнiң болуы, сонымен қатар жануарларға адамгершiлiк тұрғыда қарай алатыны ескерiлуi тиiс.

      Зерттеу қорытындысы экономика және қаржы бөлiмiне ұсыныспен қоса жолданады.

      6. Жануарларды уақытша күтiмге алушы тұлғамен келiсiм шарт әкiмнiң ұсынысы негiзiнде экономика және қаржы бөлiмiмен жасақталады.

      7. Жануарларды күтiмге алу шығыны күтушi тұлғаға экономика және қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Өтеу шығынына сол елдi мекендегi нарықтық бағамен белгiленген зоотехникалық нормаларға негiзделген жем - шөптiң құны және күтушiнiң еңбек ақысы кiредi. Күтушiнiң еңбек ақысының мөлшерi Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауы және мемлекеттiк заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiнде белгiленген мөлшерден артық болмауы тиiс. Өтеу шығынынан жануарларды пайдаланудан түскен пайда осы елдi мекендегi нарықтық бағамен есептеп шегерiледi.

      8. Жануарларды күтiмге алған тұлға олардың өлiм-жiтiмi мен жарамсыздығына кiнәлi болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерiнде жауапкершiлiкке тартылады.

      9. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс - шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.

4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      10. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен экономика және қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

      11. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарлар аудандық әкiмдiктiң қаулысы негiзiнде тиiстi әкiм аппаратының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге қабылдау Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленген тәртiпте қабылдау - беру актiсiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.

5. Жануарларды одан әрi пайдалану

      12. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

      2) аукцион арқылы сату;

      3) сауда ұйымдары арқылы сату;

      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

      13. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудан әкiмінің өкімімен құрылған комиссия (бұдан әрi - комиссия) уақытша күтiмге берiлген мерзiм iшiнде шешедi. Комиссия шешiмi хаттамамен рәсiмделедi.

6. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару

      14. Жануарлар аудандық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән - жайлар анықталған жағдайда комиссияның келiсiмiмен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда сот шешiмiмен қайтарылуға жатады.

      15. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.

      16. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен немесе басқа меншiк иесiне өтеусiз берiлiп кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.

      17. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен экономика және қаржы бөлiмi арасында жасалатын келiсiм- шартпен рәсiмделедi.

7. Қорытынды ережелер

      18. Жануарды сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджет кiрiсiне толық есептеледi.

      19. Жануарды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусiз берумен байланысты шығындар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность

Постановление Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 10 ноября 2014 года № 332. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 10 декабря 2014 года № 2547. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 3 сентября 2019 года № 319

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 03.09.2019 № 319 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала

      В соответствии с пунктом 22) статьи 18 и со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года № 49-р "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", акимат Мангистауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.

      2. Государственному учреждению "Мангистауский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии" обеспечить государственную регистрацию постановления в органах юстиции и опубликованию его в средствах массовой информации, информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан", размещения на интернет-ресурсе уполномоченного государственного органа.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Сарбалаева А.Б.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Aким района

Ж.Айтуаров


      СОГЛАСОВАНО:

      Махмутов Е.Х.

      Жонасов Л.Н.

      Есиркепов И.А.

      Ә.Төлемісов

      Б.К.Абуов

      Руководитель государственного учреждения

      "Мангистауский районный

      отдел сельского хозяйства и

      ветеринарии"

      10 ноября 2014г.

      Р.Н.Шабикова

      Руководитель государственного

      учреждения "Отдел экономики

      и финансов Мангистауского района"

      10 ноября 2014г.

  Утвержден постановлением
акимата Мангистауского района
от 10 ноября 2014 года № 332
 

Правила поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность
1. Общие правила

      1. Настоящие правила поведения разработана в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и определяют порядок поступления и использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность.

      2. Безнадзорные животные поступают в районную коммунальную собственность при отказе задержавшего лица от их приобретения в собственность в соответствии со статьей 246 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

2. Поступление животных в районную коммунальную собственность

      3. Поступление безнадзорных животных в районную коммунальную собственность осуществляется на основании акта приема - передачи. Акт приема – передачи составляется при участии лица, передающего животных, аппарата акима соответствующего села, сельского округа (далее - аким), ответственных сотрудников государственного учреждения "Мангистауский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии" (далее - отдел сельского хозяйства и ветеринарии) и государственного учреждения "Мангистауский районный отдел экономики и финансов" (далее – отдел экономики и финансов). Акт приема - передачи утверждается руководителем или замещающим его должностным лицом отдела экономики и финансов.

      В акте приема – передачи в обязательном порядке должны быть указаны возраст, порода, масть, пол, состояние и здоровье животных, поступающих в районную коммунальную собственность.

3. Временное содержание животных

      4. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, закрепляются для временного содержания за физическими лицами, либо крестьянскими или фермерскими хозяйствами, определяемыми акимами или за подсобными хозяйствами государственных юридических лиц на срок до (шести) месяцев на основе договора.

      5. Аким при определении лиц, у которых будут временно содержаться животные, проводит предварительное исследование на предмет их состоятельности содержания животных. При определении лиц, у которых будут временно содержаться животные, в обязательном порядке должны быть учтены наличие помещения (хлев, двор), оборудования, опыта, а также нравственных качеств по отношению к животным.

      Результаты исследования направляются в отдел экономики и финансов вместе с предложениями.

      6. Договор с лицом, временно содержащим животных, заключается отделом экономики и финансов на основании предложения акима.

      7. Расходы по содержанию животных компенсируются содержащему лицу отделом экономики и финансов за счет средств местного бюджета. В компенсационный расход включаются стоимость корма, определенная по рыночной цене в данном населенном пункте, основанная на зоотехнических нормах и заработная плата содержащего. Размер заработной платы содержащего должен быть не менее минимального размера заработной платы, установленной законом Республики Казахстан и не более размера, установленного системой оплаты труда работников государственных юридических лиц. Из компенсационного расхода вычитываются доходы от использования животных по рыночной стоимости в данном населенном пункте.

      8. Лицо, содержащее животных, в случае его вины в их падеже и непригодности, несет ответственность в размере стоимости животного.

      9. Ветеринарный контроль и мероприятия по вакцинации против инфекционных заболеваний животных, поступивших в районную коммунальную собственность, осуществляется под надзором отдела сельского хозяйства и ветеринарии. Расходы по ветеринарному контролю и вакцинации финансируются за счет средств местного бюджета.

4. Оценка, учет и закрепление животных

      10. Для дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, производится их занесения в перечень районного коммунального имущества и оценка (переоценка). Работы по занесению в перечень и оценке (переоценке) осуществляет в порядке определяемом законодательством Республики Казахстан отдел экономики и финансов.

      11. После осуществления оценки животные на основании постановления акимата района закрепляются на баланс аппаратов соответствующих акимов. Принятие на баланс производится на основе акта приема - передачи в порядке определяемом Правительством Республики Казахстан.

5. Дальнейшее использование животных

      12. Животные, поступившие в районную коммунальную собственность, используются одним из следующих способов:

      1) безвозмездная передача на баланс государственных юридических лиц, имеющих подсобные хозяйства;

      2) продажа через аукцион;

      3) продажа через торговые организации;

      4) безвозмездная передача специализированным местам защиты животных (за исключением сельскохозяйственных животных и домашних птиц) или отдельным лицам.

      13. Способ дальнейшего использования животных, поступивших в районную коммунальную собственность, в каждом конкретном случае решает комиссия, созданная распоряжением акима района (далее – комиссия) в течении срока временного содержания. Решение комиссии оформляется протоколом.

6. Возврат животных прежнему собственнику

      14. В случае явки прежнего собственника животных после их перехода в районную коммунальную собственность, животные подлежат возврату при наличии обстоятельств, свидетельствующих о сохранении прежнему собственнику привязанности со стороны животных или о жестоком либо ином ненадлежащем обращении с ними нового собственника с согласия комиссий, а при недостижении согласия решением суда.

      15. Возврат животных осуществляется после возмещения прежним собственником расходов, связанных с их содержанием, в доход местного бюджета с зачетом выгод, извлеченных от пользования животных.

      16. В случае, если животные проданы либо безвозмездно переданы другому собственнику до поступления заявления об их возврате от прежнего собственника, выручка от продажи животных или их стоимость возмещается за счет средств местного бюджета прежнему собственнику. При этом вычитывается объем финансовых средств, связанных с содержанием животных.

      17. Возврат животных или возмещение стоимости оформляется договором, заключаемом между прежним собственником и отделом экономики и финансов.

7. Заключительные положения

      18. Средства от продажи животных в порядке определяемом законодательством полностью засчитываются в доход местного бюджета.

      19. Расходы по учету, оценке, продаже и безвозмездной передаче животных осуществляются за счет средств местного бюджета.