Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18.04.2024 №13/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына, Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұсынысына және Түпқараған ауданының прокуратурасының наразылығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде аудандық "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2-тарау 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: | А. Шарипов |
Аудандық | |
мәслихатхатшысы: | А. Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Оразкул Жарылгапова
5 наурыз 2014 жыл