Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 13/75 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 4700-12 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 18 сәуірдегі
  № 13/75 шешіміне 1 қосымша

Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Түпқараған ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (әрі қарай – Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 3 (үш) пайыз мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер (ерлі-зайыптылар) және барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға шығыстар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 18 сәуірдегі
  № 13/75 шешіміне 2 қосымша

Түпқараған аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген).

      2. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 19/130 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2381 болып тіркелген).

      3. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/172 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2526 болып тіркелген).

      4. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/31 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3117 болып тіркелген).

      5. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/96 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3368 болып тіркелген).

      6. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 24/202 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3731 болып тіркелген).

      7. "Түпқараған аудандық мәслихатының 20 наурыздағы 2013 жылғы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 35/280 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4032 болып тіркелген).

      8. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 43/330 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 болып тіркелген).

      9. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 51/378 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4431 болып тіркелген).

      10. "Түпқараған аудандық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 7/43 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24924 болып тіркелген).

      11. "Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 13/76 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28101 болып тіркелген).

      12. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 5/36 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4590-12 болып тіркелген).

      13. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/49 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4618-12 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады