РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес, Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормасының қоса жіберілген анықтамалары бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: | М.Шырақбай |
Аудандық мәслихат хатшысы: | А.Досанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
Д.Наурызғалиев
27 қазан 2014 жыл
Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/171 шешіміне ҚОСЫМША |
Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормалары
№ | Нысан санатының атауы | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
1 | Жабдықталған үй иелігі | 1 тұрғын | 3,1 |
2 | Жабдықталмаған үй иелігі | 1 тұрғын | 8,6 |
3 | Мектептер | 1 оқушы | 0,18 |
4 | Орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
5 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,5 |
6 | Балабақшалар | 1 орын | 0,3 |
7 | Бөбекжайлар | 1 орын | 0,3 |
8 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,86 |
9 | Емханалар | 1 қатынау 1 қызметкер | - 1,42 |
10 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,87 |
11 | Сыраханалар | 1 отырғызу орыны | 1,29 |
12 | Кинотеатрлар | 1 отырғызу орыны | 0,32 |
13 | Клубтық мекемелер | жоба бойынша 1 орын | 0,43 |
14 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,13 |
15 | Спорттық нысандар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,22 |
16 | Шаруашылық дүкендері | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,64 |
17 | Азық-түлік дүкендері | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 2,1 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер, супермаркеттер | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,47 |
19 | Базарлар | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,51 |
20 | Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету | 1 жұмыс орыны | 1,5 |
21 | Дәріханалар | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,61 |
22 | Көлікке қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орыны | 2,91 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орыны | 1,54 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательелері | 1 жұмыс орыны | 1,91 |