Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №10-11-113 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/171 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2528 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешім туралы Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
аудандық мәслихат хатшысы | А.Досанова |