Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 16.01.2020 № 7 - қ(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Басқұдық ауылдық округінің әкімі (Н.Қ. Қаржаубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Оңдабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | Н.Тәжібаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Басқұдық ауылдық округінің әкімі
Н.Қаржаубаев
03 қыркүйек 2014жыл
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 03 қыркүйек 2014 жылғы № 282-қ қаулысымен бекітілген |
"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ақпараттық–талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130006, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Басқұдық ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, ауылдық округтің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1)1Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2)1Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
3)1қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
4)1заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық - саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс – қимыл жасау.
15. Функциялары:
Ақпараттық - талдау:
1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
2)1Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
3)1әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау;
4) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
Ұйымдастыру-құқықтық функциялары:
1)1"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс - шараларды өткізу, олардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
2)1ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
3)1Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің және ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу;
4)1заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
5)1"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
6)1әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
7)1әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
8)1"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
9)1қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
10)азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
11) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
12)жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
13)өз құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық іс – әрекеттерді жүзеге асыру;
14)Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
15)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
16)Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
18) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
3) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылығы "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімімен жүзеге асырылады.
18.Ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
19.Басқұдық ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Әкімнің өкілеттігі:
1) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
2) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
3) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің штат саны мен құрылымы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
4)"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
5)"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттіліктерін белгілейді;
6)өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;
7)"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
8)"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындалуы міндетті өкімдерге қол қояды;
9) жоғары тұрған мекемелерге ай сайын уақытылы есепті ұсынады;
10) "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жібереді;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
12) бағдарламалар және нормативтік құқықтық актілердің, басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс тобын құрады;
13) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
14) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.
15) заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді орындайды;
21. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкіммен басқарылады.
22. Басқұдық ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.