Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Маңғыстау облысы Басқұдық ауылдық округі әкімінің 19.07.2016 № 445 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Басқұдық ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар беру туралы" Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-12 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2008 жылғы 18 шілдеде жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атаулар беру және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 1 маусымдағы № 123 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-54 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2009 жылғы 10 шілдеде жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында "бұрынғы" деген сөз алынып тастылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) "Басқұдық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне және көшелеріне атаулар қою туралы" Басқұдық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-66 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2010 жылғы 29 қаңтарда жарияланған):
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Басқұдық ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маман-заңгері (Ж.Алишбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | М. Жұмабаев |