Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Басқұдық селолық округі әкімдігі 22.07.2014 № 317 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Басқұдық ауылдық округі тұрғындарымен 2009 жылы 09 желтоқсан күні өткізілген жиналыстың хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Басқұдық ауылдық округі «Маржан» елді мекенінің шығыс жақ бетінде орналасқан бұрынғы «Энтузиаст» өндірістік кооперативінің 10 гектар аумағындағы жер учаскелері «Самал» тұрғын - үй массиві, «Рахат» елді мекенінің шығыс жақ бетінде орналасқан бұрынғы «Согласие» өндірістік кооперативінің аумағындағы жер учаскелері «Алау» тұрғын - үй массиві деп аталсын.
2. 1 қосымшаға сәйкес «Самал» тұрғын - үй массивінің көшелеріне атаулар қойылсын.
3. 2 қосымшаға сәйкес «Алау» тұрғын - үй массивінің көшелеріне атаулар қойылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім Н. Кучербаев
Басқұдық ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 291 шешіміне
1 қосымша
№ |
«Самал» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары |
1 |
Жұлдыз |
2 |
Тұлпар |
3 |
Отандастар |
4 |
Шерқала |
5 |
Ғарышкер |
6 |
Құрмет |
7 |
Жас дәурен |
8 |
Гүлдер |
9 |
Дана |
10 |
Әсем |
Басқұдық ауылдық округі әкімінің
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 291 шешіміне
2 қосымша
№ |
«Алау» тұрғын-үй массиві көшелерінің атаулары |
1 |
Барыс |
2 |
Үшқоңыр |
3 |
Самұрық |
4 |
Балдырған |
5 |
Ұлан |