Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті" мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
______________ С. Байменова
"Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі Су
ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 88 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
Ұңғымалар: |
Радиусі – әр ұңғыманың | Әр ұңғыманың айналасында 1,6 гектар |
Ұзындығы – 182 метр | 4,92 гектар | Радиусі – 645 метр | 130,6 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы жер асты су көздерінің № 2 (0902), № 1 (0901-резервтік) ұңғымалары учаскесінде Тимофеев су тартуының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – "Тимофеевка-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).