Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және су
ресурстары министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
"Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_______________ С. Байменова
Әкімдіктің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 163 қаулысына қосымша |
Денисов ауданындағы Аршалы жер асты
сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
I белдеу | II белдеу | III белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
№ 2 ұңғыма | Радиусі - ұңғыманың айналасында 50 метр | 0,8 гектар |
Ұзындығы - 128 метр | 1,5 гектар |
Ұзындығы - 931 метр | 74,5 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Алакөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).