Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 163 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 4754 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы
      Қоршаған орта және су
      ресурстары министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова
      "Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау агенттігінің Қостанай
      облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндетін
      атқарушы
      _______________ С. Байменова

  Әкімдіктің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 163 қаулысына қосымша

Денисов ауданындағы Аршалы жер асты
сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде
шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық
қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

I белдеу

II белдеу

III белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 2 ұңғыма

Радиусі - ұңғыманың айналасында 50 метр

0,8 гектар

Ұзындығы - 128 метр
Барынша ені - 116 метр

1,5 гектар

Ұзындығы - 931 метр
Барынша ені - 800 метр

74,5 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Денисов ауданындағы Аршалы жер асты сулары көздерінің № 2 ұңғымасы учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Алакөл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады