Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 27.10.2014 № 528 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қостанай облысын басқару кестесін бекіту және маслихаттың кейбір шешімдерін жою туралы" мәслихаттың 2013 жылғы 28 маусымдағы № 161 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 262 шешіміне сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының білім департаменті" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 224 қаулысының 2-тармағы жойылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
Әкімдіктің
2014 жылғы 12 мамырдағы
№ 200 қаулысымен
бекітілген
"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыреттітілігі шегіндегі облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады. "Қостанай облыс әкімдігінің білім басқармасы" мемелекеттік мекемесінің осы ережеге қоса беріліп отырған тізімге сәйкес мекемелері бар.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмыс тәртібі "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібіне сәйкес белгіленеді.
5. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 56. индекс 11000.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің нысанасы болып ұлттық және жалпы адамдық құндылықтары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау болып табылады.
16. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:
1) тәрбиелеу мен білім берудің үздіксіз үдерісі, қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияткерлік, мәдени және дене тәрбиесі мен кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу;
2) білім алуға облыс азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
3) облыстағы білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
17. Міндеттері:
1) білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
18. Функциялары (қызметтері):
1) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
азаматтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді ұсыну бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі беретін ұйымдардың қызметін үйлестіру;
мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы Ереженің тармағында көрсетілген облыстық білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстарды енгізу;
мемлекеттік облыстық білім беру ұйымдары үшін оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу мен жеткізу мониторингі;
жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың мектеп олимпиадалары мен конкурстарын, облыстық масштабтағы орындаушылар конкурсын және кәсіптік шеберлік конкурсын ұйымдастыруымен және өткізуін үйлестіру;
балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу бойынша арнайы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлеу;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуінде қолдау және көмек көрсету;
жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың белгіленген тәртіпте мемлекеттік қамтамасыз етуін жүзеге асыратын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
білім алушылармен тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасының мазмұнын меңгеруін тексеру мақсатында, жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуінде және оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауында білім алушылардың қатысуын ұйымдастыру;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының әрекет етуін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында тұрып жатқан тұлғаларға жағдайлар жасау;
2) Қарасты мекемелердің міндеттері:
орта білімнен кейінгі білімнен кейін техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
түрлі зияткерлік істерде қабілеттіліктерін жоғары көрсеткен немесе жеке пәндер бойынша (тәртіп) дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу;
тәрбиеленушілерді күту үшін, орта білімнен кейін немесе орта (техникалық және кәсіптік білім) тәрбие және жоғары білім алу, сонымен қатар физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани даму үшін жағдай жасау.
кешенді медициналық-педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық және дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуге оқыту мәселесін шешуде халыққа бейімделу көмегін көрсету.
Күту, тәрбиелеу, жан-жақты даму үшін қолайлы жағдай жасау, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
дамуда қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерістен өтуі, олардың психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуіне қолдау көрсету, оқыту және тәрбиелеу;
қолайсыз жағдайларда қалған балалар мен жасөспірімдерге білім беру, уақытша тұру орындарымен қамтамасыз ету, тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау.
Кемтар балаларды (зияткерлік бұзушылық) даму бұзушылықтарын түзету мақсатында оқыту, олардың қоғамда сауығуы және әлеуметтік бейімделуі.
19. Құқықтары мен міндеттері:
1) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру сапасына талдау жасау;
2) өз құзыреті шегінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын сақтау;
3) өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу;
4) орта білім жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
5) өз құзыреті шегінде мемлекеттің және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрату және алу;
6) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
8) осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар, оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған басқа да құқықтары мен міндеттері бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
21. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза қолданады және сыйақы береді;
5) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
7) бұйрықтарға қол қояды және "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне орындау үшін міндетті тапсырмаларды береді;
8) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес атқарушы органдарда және өзге де ұйымдарында ұсынады;
9) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы Ережеге қосымша
"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай құрылыс-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный құрылыс және көлік колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов кәсіптік – техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный тау-кең технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Тобыл кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный технология және қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
16. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қазақстан агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай автомобиль көлігі колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный музыкалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
26. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
27. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
29. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Торғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
30. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
31. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай облыстық балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "№ 3 Қостанай түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған "Озат" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Отбасылық үлгідегі "Жанұя" балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балаларға және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 1 Рудный түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Үміт" Әулиекөл балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Аманкелді ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
55. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
56. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарабалық ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
57. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
58. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Меңдіқара ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
59. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
60. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
61. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
62. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
63. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
64. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
65. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
66. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
67. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Балаларға қосымша білім берудің өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
68. Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
69. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
70. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дене тәрбиесінің Қостанай өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
71. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесі;
72. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Техникалық және кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.