Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2015 № 191 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған:
1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
2) қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Садуақасов |
Әкімдіктің |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі
№ |
Субсидиялау бағыты |
Өлшем бірлігі |
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге |
1 |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
бас |
2 400 |
Әкімдіктің |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал
басын қолдан ұрықтандыру жөнінде көрсетілетін қызметті жеткізушілерге
қойылатын өлшемдер мен талаптар
№ |
Субсидиялау бағыты |
Өлшемдер мен талаптар |
1 |
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру |
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде бар болуы. |