Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 465 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда № 5118 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 12.05.2015 № 191 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі;
      2) қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Н. Садуақасов


Әкімдіктің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 465 қаулысымен бекітілген

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі
 

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативі, теңге

1

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2 400



Әкімдіктің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 465 қаулысымен бекітілген

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал

басын қолдан ұрықтандыру жөнінде көрсетілетін қызметті жеткізушілерге

қойылатын өлшемдер мен талаптар
 

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер тізілімінде бар болуы.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруын жүзеге асыру үшін арнайы құралдардың және жабдықтардың бар болуы.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады