Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
Әкімдіктің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 474 қаулысына қосымша |
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймағының мөлшері | |||||
І - белдеу | ІІ - белдеу | ІІІ - белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
№ 8, | Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр | 1,57 гектар |
Ұзындығы – әр ұңғыма үшін 102 метр | 1,8 гектар | 46,2 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары "Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Чернигов су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші - "Черниговское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).