Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.05.2017 № 258 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуакасов |
Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 541 қаулысымен бекітілген |
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік
сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
15. Міндеттері:
1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
2) тапсырыс берушінің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;
3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
4) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
5) конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
7) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
8) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
9) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
10) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
11) заңнамада көзделген жағдайларда тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді қамтамасыз етеді немесе әлеуетті өнім берушіге конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарады;
12) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
13) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;
14) Заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа қуынымдарды жібереді;
15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қостанай облысының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;
2) "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;
3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
4) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз құзыреті шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;
2) "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін штат санының лимиті шегінде бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
4) заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады және мадақтау шараларын қолданады;
7) бұйрықтарға қол қояды;
8) "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
9) шарттар жасасады;
10) сенімхаттар береді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі жұмысқа дербес жауапты болады;
12) басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылауға алады;
13) басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
14) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
15) қызметтік этика нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
16) гендерлік теңдік саясатын іске асырады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік
сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу
басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
24. "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.