Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 1509 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қыркүйекте № 5070 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 641 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 29.04.2015 № 641 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Б. Ғаязов

Рудный қаласы әкімдігінің 
2014 жылғы 20 тамыздағы  
№ 1509 қаулысымен     
бекітілген         

Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары

      Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
      1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
      Жа = Бм *К1 2 *S, мұндағы:
      Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      S - жалдауға алынған объектiнің ауданы (шаршы метр).
      Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:

Аумақтық аймақ

К1

Рудный қаласы,

2,3

      Құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент:

Құрылыс түрi

К2

Жеке тұрған

1

Қосымша салынған

1

Жартылай жертөле

0,85

Жертөле

0,70

Қоймалық

0,60

      2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
      Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
      Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
      АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
      БҚ - баланстық құны;
      ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
      3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
      қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн:
      Ж = S* Бм *К12/ЖУ*N, мұндағы:
      Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
      S - ауданы (шаршы метр);
      Бм - базалық мөлшерлеме;
      К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
      К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.
      құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн:
      Ж = (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
      Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
      Жн – негiзгi құрал-жабдықтарды (ғимараттардан басқа) жалдауға (жалға алуға) алу үшiн жылдық жалдау ақысы;
      ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
      N - жылдық сағат саны.

Об утверждении Правил расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 20 августа 2014 года № 1509. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 8 сентября 2014 года № 5070. Утратило силу постановлением акимата города Рудного Костанайской области от 29 апреля 2015 года № 641

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Рудного Костанайской области от 29.04.2015 № 641.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2014 года № 88 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)", акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила расчета ставки арендной платы при передаче городского коммунального имущества в имущественный наем (аренду).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Рудного                        Б. Гаязов

Утверждены               
постановлением акимата города Рудного 
от 20 августа 2014 года        
№ 1509                 

Правила расчета ставки арендной платы при передаче городского
коммунального имущества в имущественный наем (аренду)

      Базовая ставка арендной платы в год за использование 1 квадратного метра объектов государственного нежилого фонда, находящихся на балансе городских коммунальных юридических лиц составляет 1 месячный расчетный показатель.
      1. Ставка арендной платы в год за имущественный наем (аренду) объекта государственного нежилого фонда рассчитывается по формуле:
      Ап = Бс *К12*S, где:
      Ап – ставка арендной платы в год объекта государственного нежилого фонда;
      Бс – базовая ставка;
      К1 - коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта;
      К2 - коэффициент, учитывающий тип строения;
      S - площадь арендуемого помещения (квадратный метр).
      Коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта:

Территориальная зона

К1

Город Рудный

2,3

      Коэффициент, учитывающий тип строения:

Тип строения

К2

Отдельно стоящее

1

Пристроенное

1

Полуподвальное

0,85

Подвальное

0,70

Складское

0,60

      2. Ставка арендной платы за имущественный наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей определяется по следующей формуле:
      Ао = АО + (БС*СР), где:
      Ао – ставка арендной платы в год за оборудование, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      АО - сумма амортизационных отчислений, в соответствии с предельными нормами амортизации, определенными статьей 120 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)";
      БС - балансовая стоимость;
      СР - ставка рефинансирования Национального банка Республики Казахстан.
      3. Ставка арендной платы за наем (аренду) объекта, используемого неполное рабочее время (по часам), рассчитывается по следующим формулам:
      для государственного нежилого фонда, находящегося на балансе городских коммунальных юридических лиц:
      А = S* Бс *К12/РВ*N, где:
      А – ставка арендной платы объекта, используемого неполное рабочее время;
      S - площадь (квадратных метров);
      Бс – базовая ставка;
      К1 - коэффициент, учитывающий территориальную принадлежность объекта;
      К2 - коэффициент, учитывающий тип строения;
      РВ - баланс рабочего времени в год;
      N - количество часов в год.
      для оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей:
      А = (Ао/РВ)*N, где:
      А – ставка арендной платы в год оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      Ао - арендная плата в год за наем (аренду) оборудования, автотранспортных средств и других непотребляемых вещей;
      РВ - баланс рабочего времени в год;
      N - количество часов в год.