Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 29.04.2015 № 641 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов
Рудный қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 20 тамыздағы
№ 1509 қаулысымен
бекітілген
Қалалық коммуналдық мүлікті мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған объектiнің ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Рудный қаласы, |
2,3 |
Құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн:
Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн:
Ж = (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi;
Жн – негiзгi құрал-жабдықтарды (ғимараттардан басқа) жалдауға (жалға алуға) алу үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.