Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 871 "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы" Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный
қаласының әкімі Б. Ғаязов
Әкімдіктің
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 1507 қаулысына қосымша
2014 жылғы 1 қазанға тағайындалған сайлау
кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты
депутаттығына кандидаттар үшін үгіттеу баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Рудный қаласы:
50 лет Октября көшесі, "Рудный индустриялық институты" автобус аялдамасы ауданындағы тұрғылық;
Ленин көшесі, "Рудный политехникалық колледжі" автобус аялдамасы ауданындағы тұрғылық;
Комсомол даңғылы, "Форум" сауда үйі ауданындағы тұрғылық.
2. Қашар кенті, 2-шағын аудан, № 72 үйдегі тақта.
3. Горняцк кенті, Академик Сәтпаев көшесі, № 24 үйдегі тақта.
4. Перцев ауылы, Южная көшесі, № 6 үйдегі тақта.