Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 07.04.2015 № 120 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттiк мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Лисаков қаласы әкімшілік аумағының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі |
М. Жүндібаев |
Әкімдіктің |
|
2014 жылғы 7 қазандағы |
|
№ 444 қаулысымен бекітілген |
Лисаков қаласы әкімшілік аумағының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрін есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Лисаков қаласы, Красногор ауылы, Октябрь кенті |
2,3 |
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ – «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациялық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнiң жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн:
Ж = S* Бм *К1*К2/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрін есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N – жылдық сағат саны;
құрал – жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшiн:
Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ – жылдық жұмыс уақытының балансы;
N – жылдық сағат саны.