Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Амангелді ауданының аумағында аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Амангелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 37 "Аманкелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміне № 9-6-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 наурызда "Аманкелді арайы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 26.03.2021 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Қаласов |
Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысына қосымша |
Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 26.03.2021 № 33 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № 203 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Елді-мекендер | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Амангелді ауылы | А.Байтұрсынов және Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта Абай Құнанбаев және М.Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан тақта |
2 | Есір ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
3 | Кемер ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
4 | Қоғалыкөл ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
5 | Ақкісі ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
6 | Қарасу ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жасбуын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
7 | Әбу Сыздықов атындағы ауыл | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
8 | Есенбаев ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
9 | Ағайдар ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
10 | Амантоғай ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Амантоғай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
11 | Жалдама ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
12 | Шақпақ ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
13 | Қарақұдық ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
14 | Тасты ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Тасты жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
15 | Қарынсалды ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Қарынсалды негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
16 | Горняк ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
17 | Степняк ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Степняк негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
18 | Үштоғай ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Рассвет негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
19 | Ақсай ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
20 | Байғабыл ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
21 | Жаңатұрмыс ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
22 | Жетібай аулы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
23 | Құмкешу ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
24 | Айтбай ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
25 | Үрпек ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
26 | Қосжан ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
27 | Ағаштыкөл ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Ағаштыкөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
28 | Қарашатөбе ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |
29 | Қабырға ауылы | Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта |
30 | Жаңатай ауылы | Ауылдың орталық көшесіндегі тақта |