Әкімдіктің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31475 болып тіркелді

      Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Амангелді ауданы әкімдігінің "Амангелді ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 64 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Амангелді ауылы

А.Байтұрсынов және Дүйсенбин көшелерінің қиылысында орналасқан тақта
Абай Құнанбаев және М.Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан тақта

      ";

      реттік нөмірі 29-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

29

Қабырға ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Амангелді ауданы білім бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта

      ".

      2. "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Т. Карбозов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады