Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 23.07.2015 № 334 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессия төрағасы Ж. Құсаинов
Аудандық
мәслихат хатшысы Ә. Саматов
КЕЛІСІЛДІ:
"Аманкелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________ М. Сакетов