Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 18.01.2016 № 377 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы №222 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4627 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2015 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Кезекті он алтыншы
сессия төрағасы Е. Дауылбай
Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Саматов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Амангелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ М. Сакетов
2015 жылғы "23" шілде