Әулиекөл ауданында 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 22 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда № 4467 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі Қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес, Әулиекөл ауданында 2014 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

Әкімдіктің     
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 22 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданында 2014 жылға арналған
нысаналы топтарға жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі

      1. Жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар.
      2. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).
      3. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
      4. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, в Аулиекольском районе на 2014 год

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 5 февраля 2014 года № 22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 3 марта 2014 года № 4467

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам, в Аулиекольском районе на 2014 год, согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Аулиекольского района" обеспечить меры по содействию занятости лиц, относящихся к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Нугманову Р.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Балгарин

Приложение        
к постановлению акимата 
от 5 февраля 2014 года № 22

Дополнительный перечень лиц, относящихся
к целевым группам, в Аулиекольском
районе на 2014 год

      1. Лица, старше пятидесяти лет, зарегистрированные в качестве безработных.
      2. Граждане, длительное время не работающие (более года).
      3. Ранее не работавшие безработные (не имеющие стажа работы).
      4. Молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет.