"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкiмдігі Қаулы етедi:
1. Қосымшаға сәйкес, Әулиекөл ауданында 2014 жылға арналған нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғарин
Әкімдіктің
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 22 қаулысына қосымша
Әулиекөл ауданында 2014 жылға арналған
нысаналы топтарға жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі
1. Жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар.
2. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық).
3. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
4. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар.