Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 17.01.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғызыншы | |
сессияның төрайымы | А. Кеңесбаева |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Әулиекөл ауданы | |
Қосағал ауылының әкімі | |
_____________________ М.А. Нұғыманов |
Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 146 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қосағал ауылының аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерін сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Қосағал ауылының әкімі шақырады.
Әулиекөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Қосағал ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қосағал ауылы әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қосағал ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Қосағал ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қосағал ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қосағал ауылының көшелері, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қосағал ауылының әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 146 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылының
жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қосағал ауылы тұрғындары үшін | 11 |