Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 ақпандағы №130 "Әулиекөл аудандық мәслихатының регламенті туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4515 тіркелген, 2014 жылғы 14 ақпанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әулиекөл аудандық мәслихатының регламентінде:
20 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға жатады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессияның төрайымы | Л. Войлошникова |
Аудандықмәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |