Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 29.04.2024 № 176 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің мәтін бойынша "ережесін", "ережесі", "Ережелеріне" сөздері, "қағидасын", "қағидасы", "Қағидаларына" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 11.06.2020 № 401 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы |
А. Жансүгіров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
А. Бондаренко |
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 шешіміне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Әулиекөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша өтініш жасалынған тоқсанның алдындағы тоқсандағы шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174591 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 12.05.2023 № 39 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 26.10.2021 № 60 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-123 тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған).
Мәслихаттың 2011 жылғы 26 қазандағы № 262 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-144 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Әулиекөл" газетінде жарияланған).
Мәслихаттың 2012 жылғы 26 шілдедегі № 35 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-165 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған).
Мәслихаттың 2014 жылғы 14 ақпандағы № 129 "Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4489 тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған).