Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-7-123 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда аудандық "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрайымы Л. Войлошникова
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко
КЕЛІСІЛДІ:
"Әулиекөл ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________ Оспанов С.Ә.
"Әулиекөл ауданының
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________ Төребаева З.Ш.
"Әулиекөл ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ Печникова Т.И.