Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1 және Денисов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 49 "Денисов ауданының Қырым селолық округі Қырым селосы шекарасын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3902 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тіліндегі атауында "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тіліндегі 1-тармағында "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қоса беріліп отырған мемлекеттік тіліндегі схемалық картасында "селосының", "селолық" сөздері "ауылының", "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауданының әкімі Денисов аудандық
____________ Е. Жаманов мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
___________ А. Мұрзабаев
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы
___________ А. Мұрзабаев