Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 12.03.2015 № 59 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабы 4- тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының негізінде, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 175 "Селолық округтер, Тоғызақ селосы және Қарабалық кенті әкімдеріне кандидаттардың кездесулерін өткізу үшін шарттық негізіде үй-жай анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4167 тіркелген, аудандық "Айна" газетінде 2013 жылы 11 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілде мәтінің басында және бұдан әрi: "селолық", "селосы" деген сөздер: "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Исмағұлов