Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Михайлов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 сәуірде № 5 "Михайлов селолық округі елді мекендердің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-115 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы № 23 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мындай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Хамзин