2009 жылғы 27 сәуірде № 5 "Михайлов селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 30 маусымда № 4893 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Михайлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Михайлов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 27 сәуірде № 5 "Михайлов селолық округі елді мекендердің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-115 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы № 23 қазанда "Айна" газетінде жарияланған) мындай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Б. Хамзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады