Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 28.04.2022 № 113 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы бекітілсін.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Гизбрехт |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
В. Леонов |
КЕЛIСIЛДI:
Ломоносов ауылдық
округінің әкімі
____________ Б. Аяпов
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 235 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 19.07.2017 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қасқат ауылының тұрғындарына | 140 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қарамай ауылының тұрғындарына | 7 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Көктерек ауылының тұрғындарына | 31 |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Шиелі ауылының тұрғындарына | 16 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 235 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ломоносов ауылдық округінің ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ломоносов ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Ломоносов ауылдық округтің әкімі шақырады.
Меңдіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ломоносов ауылдық округі ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Ломоносов ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ломоносов ауылдық округі ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Ломоносов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ломоносов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ломоносов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Меңдіқара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Ломоносов ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.