Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 27.11.2017 № 132 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия | |
төрайымы, аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | З. Алдажұманова |
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 253 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник
ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің Буревестник ауылының тұрғындары үшін | 5 |
2 | Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің Ақбұлақ ауылының тұрғындары үшін | 1 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 253 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник
ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Науырзым ауданы Буревестник ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Буревестник ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Буревестник ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды
өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Буревестник ауылдық округінің әкімі шақырады.
Науырзым ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Буревестник ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Буревестник ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Буревестник ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Буревестник ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Буревестник ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Буревестник ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Науырзым аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Буревестник ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Буревестник ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.