Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының 08.01.2015 № 07-09/31 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
елу жастан асқан адамдар;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік даярлауды және (немесе) қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi орынбасарының міндетін атқарушы Е.Н. Тұрабековқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi Э. Күзенбаев