Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының 08.01.2015 № 07-09/31 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. Бекітілсін:
1) қоса беріліп отырған 2014 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және жағдайлары;
2) айына ең төменгі айлық жалақының бір жарым мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбегіне төленетін ақысы.
3. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда мыналар анықталсын:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік салық аудандық бюджеттен өтеледі және жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аударылады;
2) жалақыны төлеу мен аудару бойынша екінші деңгейдегі банктер қызметі үшін комиссиялық сыйақыны төлеуге арналған шығындар қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартпен белгіленген мөлшерде жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына аудандық бюджеттен өтеледі.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйым арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Берілген қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi орынбасарының міндетін атқарушы Е.Н. Тұрабековқа жүктелсiн.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарыкөл
ауданының әкімі Э. Күзенбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы
__________________ С. Молдабеков
"Тазалық - Сарыкөл" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
_______________________ М. Ахметов
Әкімдіктің
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 47 қаулысымен бекітілген
2014 жылға арналған ұйымдардың тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі
және жағдайлары
Рет бойын-ша № |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қоғамдық жұмыстардың жағдайлары |
1 |
"Тазалык - Сарыколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Барвинов ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
75920 шаршы метр |
1) жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы қажет; |
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Веселый Подол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
78262 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Златоуст ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
140627 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Новое ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
109850 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Комсомол ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
97957 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ленинград ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
7355 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Большие Дубравы ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
43831 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Маяк ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
135680 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Сорочин ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
116715 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Севастополь ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
103355 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Тағыл ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
62256 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Тимирязев ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
73240 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Урожайное ауылының аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
151362 шаршы метр |
|||
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Сарыкөл кенті аумағын жинау мен абаттандыруға көмек көрсету |
1192 313 шаршы метр |
|||
БАРЛЫҒЫ |
2388723 шаршы метр |