Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 26.03.2014 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 97 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 6 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 7 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-125 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
он сегізінші абзац алынып тасталсын;
он жетінші абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"№ 693 сайлау учаскесі
Шекараларында: Маяк ауылы, Басағаш ауылы".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Э. Күзенбаев
КЕЛIСIЛДI:
Сарыкөл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ Ғ. Асқаров