Әкімнің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 7 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 наурызда № 4468 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 26.03.2014 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 97 шешіміне және Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 6 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыкөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 7 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-125 тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімге қосымшада:
      он сегізінші абзац алынып тасталсын;
      он жетінші абзац мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "№ 693 сайлау учаскесі
      Шекараларында: Маяк ауылы, Басағаш ауылы".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Э. Күзенбаев

      КЕЛIСIЛДI:

      Сарыкөл аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      ______________ Ғ. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады