Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 199 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 тамызда № 5014 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 331 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 17.04.2020 № 331 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 21.06.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 21.06.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы
А. Қарашолақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы

      Сарыкөл ауданының Краснознамен

      ауылдық округінің әкімі

      ________________ М. Мырзатаев

  Сарыкөл
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 199 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық
округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық округінде Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Краснознамен ауылдық округ ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Краснознамен ауылдық округінің аумағындағы ауылдардың тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Краснознамен ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Сарыкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Краснознамен ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Краснознамен ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Краснознамен ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 21.06.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Бөлек жиынды Краснознамен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Краснознамен ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Краснознамен ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Сарыкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Краснознамен ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қойып оны Краснознамен ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

  Сарыкөл
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 199 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Краснознамен ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 21.06.2018 № 178 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің Новое ауылының тұрғындары үшін

7

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Краснознамен ауылдық округінің Қараоба ауылының тұрғындары үшін

5

     

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 8 августа 2014 года № 199. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 19 августа 2014 года № 5014. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 17 апреля 2020 года № 331

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 17.04.2020 № 331 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21.06.2018 № 178 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области.

      Сноска. Пункт 1 изложен в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21.06.2018 № 178 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной сессии,
секретарь районного маслихата
А. Карашулаков

      СОГЛАСОВАНО:

      Аким Краснознаменского сельского

      округа Сарыкольского района

      Костанайской области

      ________________ М. Мурзатаев

  Утверждены
решением Сарыкольского
районного маслихата
от 8 августа 2014 года № 199

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел Краснознаменского сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее - раздельный сход) на территории Краснознаменского сельского округа созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом Краснознаменского сельского округа.

      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима Сарыкольского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел Краснознаменского сельского округа организуется акимом Краснознаменского сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей сел Краснознаменского сельского округа, имеющих право в нем участвовать.

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21.06.2018 № 178 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Раздельный сход открывается акимом Краснознаменского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким Краснознаменского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел Краснознаменского сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом утвержденным Сарыкольским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей сел Краснознаменского сельского округа для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима Краснознаменского сельского округа.

  Приложение
к решению Сарыкольского
районного маслихата
от 8 августа 2014 года № 199

Количественный состав представителей жителей сел для участия
в сходах местного сообщества Краснознаменского сельского
округа Сарыкольского района Костанайской области

      Сноска. Приложение - в редакции решения маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 21.06.2018 № 178 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области (человек)

Для жителей села Новое Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

7

Для жителей села Караоба Краснознаменского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области

5