Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 03.07.2019 № 271 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 03.07.2019 № 271 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
А. Қарашолақов |
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Сарыкөл
ауданы Сарыкөл кентінің
әкімі
____________ С. Қаппасов
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Сарыкөл кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін кент аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – кент тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін кенттің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Сарыкөл кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Сарыкөл кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Кент шегінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиынын өткізуді Сарыкөл кентінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Сарыкөл кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Сарыкөл кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Сарыкөл кенті әкімінің аппаратына беріледі.
Сарыкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 18.02.2022 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің тұрғындары үшін | 10 |