Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 09.01.2020 № 338 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қырықыншы, кезекті | |
сессиясының төрайымы | А. Даданова |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | С. Жолдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Қостанай облысы | |
Таран ауданы | |
Евгенов ауылының әкімі | |
____________________ Б. Хасенов |
Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 214 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов
ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Евгенов ауылы | 10 |
Мәслихаттың 2014 жылғы 22 шілдедегі № 214 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылының
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Қостанай облысы Таран ауданы Евгенов ауылының (бұдан әрі – ауыл) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Ауылдың аумағындағы тұрғындардың бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдың әкімі шақырады.
Таран ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Таран аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауыл әкімінің аппаратына беріледі.