Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 215 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 тамызда № 5023 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қарашадағы № 136 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 24.11.2017 № 136 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қырықыншы, кезекті
сессиясының төрайымы
А. Даданова
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы

      Таран ауданы Қайраңкөл

      ауылдық округінің әкімі

      ______________ В. Садовников

  Мәслихаттың
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 215 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық
округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін
ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Достияр ауылы

2

2

Мақсұт ауылы

20

  Мәслихаттың
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 215 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық округінің
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

      1. Жалпы ереже

      1. Осы Қостанай облысы Таран ауданы Қайраңкөл ауылдық округінің (бұдан әрі – ауылдық округ) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауылдық округтің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ауылдық округтің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Таран ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешім бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдық округ ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдық округ ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдық округтің ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Таран аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кайранкольского сельского округа Тарановского района Костанайской области

Решение маслихата Тарановского района Костанайской области от 22 июля 2014 года № 215. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 20 августа 2014 года № 5023. Утратило силу решением маслихата Тарановского района Костанайской области от 24 ноября 2017 года № 136

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Тарановского района Костанайской области от 24.11.2017 № 136 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кайранкольского сельского округа Тарановского района Костанайской области.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Кайранкольского сельского округа Тарановского района Костанайской области согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сороковой,
очередной сессии
А. Даданова
      Секретарь
районного маслихата
С. Жолдыбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Исполняющий обязанности

      акима Кайранкольского

      сельского округа

      Тарановского района

      Костанайской области

      _________________ С. Садовников

  Приложение
к решению маслихата
от 22 июля 2014 года № 215

Количественный состав представителей
жителей сел Кайранкольского сельского округа Тарановского
района Костанайской области для участия в сходе
местного сообщества

Наименование населенного пункта

Количество представителей жителей сел (человек)

1

Село Достияр

2

2

Село Максут

20

  Утверждены
решением маслихата
от 22 июля 2014 года № 215

Правила проведения раздельных сходов
местного сообщества Кайранкольского сельского округа
Тарановского района Костанайской области

      1. Общее положение

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества Кайранкольского сельского округа Тарановского района Костанайской области (далее – сельский округ) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей сел сельского округа.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей сел (далее – раздельный сход) на территории сельского округа созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом сельского округа.

      Проведение раздельного схода допускается при наличии положительного решения акима Тарановского района на проведение схода местного сообщества.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      5. Проведение раздельного схода в пределах сел сельского округа организуется акимом сельского округа.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей сел сельского округа, имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода является аким сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей сел сельского округа для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным Тарановским районным маслихатом.

      Количество представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом, персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа.