Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 215 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4942 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 414 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 20.11.2014 № 414 қаулысымен (қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларын (аяларын) басқару бойынша уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органға алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.К. Баямбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Федоров ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 маусымдағы 
№ 215 қаулысына қосымша 

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың
таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

Таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 тенгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий

Постановление акимата Федоровского района Костанайской области от 23 июня 2014 года № 215. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 21 июля 2014 года № 4942. Утратило силу постановлением акимата Федоровского района Костанайской области от 20 ноября 2014 года № 414

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Федоровского района Костанайской области от 20.11.2014 № 414 (вводится в действие со дня подписания).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 140 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Федоровского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить норматив отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий согласно приложению.
      2. Уполномоченным органам по руководству соответствующими отраслями (сферами) государственного управления представлять в срок до 1 мая года, предшествующего планируемому, в уполномоченный орган по управлению государственным имуществом прогнозные суммы части чистого дохода, подлежащие перечислению в районный бюджет на предстоящий трехлетний период, а также размер чистого дохода, перечисленного коммунальным государственным предприятием в районный бюджет в отчетном году.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима района Баямбетова К.К.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                К. Ахметов

Приложение       
к постановлению акимата 
Федоровского района  
от 23 июня 2014 года № 215

Норматив отчисления части чистого
дохода коммунальных
государственных предприятий

Чистый доход до 3 000 000 тенге

5 процентов с суммы чистого дохода

Чистый доход от 3 000 001 тенге до 50 000 000 тенге

150 000 тенге + 10 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 3 000 000 тенге

Чистый доход от 50 000 001 тенге до 250 000 000 тенге

4 850 000 тенге + 15 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 50 000 000 тенге

Чистый доход от 250 000 001 тенге до 500 000 000 тенге

34 850 000 тенге + 25 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 250 000 000 тенге

Чистый доход от 500 000 001 тенге до 1 000 000 000 тенге

97 350 000 тенге + 30 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 500 000 000 тенге

Чистый доход от 1 000 000 001 тенге и свыше

247 350 000 тенге + 50 процентов с суммы, превышающей чистый доход в размере 1 000 000 000 тенге