Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 16.04.2015 № 149 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы К. К. Баямбетовке жүктелсін.
3.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Қ. Ахметов |
Әкімдіктің |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары
Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрін пайдалану үшін жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
1.
Мемлекеттік тұрғын емес қор обьектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
Жа = Бм *К1 *К2 *S, мұндағы:
Жа - 1 шаршы метр үшін жылдық жалдау ақысы;
Бм - базалық мөлшерлеме, 1 айлық есептік көрсеткіші;
К1 - объектінің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрін есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектінің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ |
К1 |
Федоров ауданы, ауылдық округтер |
1,6 |
Құрылыс түрін есепке алатын коэффициент
Құрылыс түрі |
К2 |
Жеке тұрған |
1 |
Қосымша салынған |
1 |
Жартылай жертөле |
0,85 |
Жертөле |
0,70 |
Қоймалық |
0,60 |
1.
Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүліктік жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ - 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациялық төлемдердің сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
1.
Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектіні жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі мынадай формулалар бойынша есептеледі:
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшін:
Ж = S* Бм*К1*К2 /ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм – базалық мөлшерлеме;
К1 - объектінің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - құрылыстың түрін есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттар үшін:
Ж= Жн/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да пайдаланылмайтын заттарды жалдау (жалға алу) үшін жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.