"Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалға алу мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" әкімдіктің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 257 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 149 қаулысы

        "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40-бабының 2-тармағының 2), 4) тармақшаларына, 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалға алу мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" әкімдіктің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2014 жылғы 21 тамызда № 5033 тіркелген, "Федоровские новости" газетінде 2014 жылғы 9 қазанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады