"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Воронеж ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Воронеж селолық округінің Успенов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 24 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-114 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Воронеж ауылдық округінің әкімі Э. Омаров