Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 24 "Воронеж селолық округінің Успенов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Воронеж ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 маусымда № 4817 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Воронеж ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Воронеж селолық округінің Успенов селосының құрамдас бөлігін атау туралы" Воронеж ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 24 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-114 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Воронеж ауылдық округінің әкімі            Э. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады